Skip to content

Консультациялық пункт

Консультациялық пункт ақпарат

Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту жүйесін дамыту – Қазақстан Республикасының мемлекеттік саясатының маңызды бағыты. Мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту үздіксіз білім беру жүйесінің алғашқы буыны ретінде балаларды ерте дамыту үшін жағдай жасайды.

Қазіргі кезде Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды дамытудың жаңа моделі әзірленді. Модель ұлттық кұндылықтарды 1 жастан бастап 1-сыныпқа қабылданғанға дейінмектеп жасына дейінгі балаларды толыққанды дамытудың заманауи теорияларымен үйлесімді кіріктіруге бағытталған.

Консультациялық пункттерді құру көп балалы, аз қамтылған отбасыларды және мүгедек балаларды тәрбиелеп отырған отбасыларды қолдауға, отбасының тұрмысы мен қаржылық жағдайын жақсартуға, ата-ана жүктемесін азайтуға, аналардың өмір сүру сапасын арттыруға бағытталған.

Мектепке дейінгі ұйымдар жанындағы консультациялық пункттердің міндеті тек балалармен тәрбиелеу-білім беру процесін жүргізіп қана қоймай, аталған жұмыстарды олардың ата-аналарымен ықпалдастықта ұйымдастыруды көздейді.

мақсаты мектепке дейінгі ұйымдардың базасында мектепке дейінгі білім берумен қамтылмаған ерте жастан мектеп жасына дн мектеп жасына дейнгі балаларға арналған консультациялық пункттер жұмысын ұйымдастыруда мектепке дейінгі ұйым басшылары мен педагогтеріне әдістемелік көмек көрсету.

Міндеттері:

— әр баланың сапалы және қолжетімді білім алу құқығын іске асыру;

— мектепке дейінгі жастағы балалардың мектепке дейінгі ұйым жағдайларына табысты бейімделуі үшін жағдай жасау;

 — балалардың толыққанды дамуын, олардың құрдастары мен ересектер ортасындағы қарым-қатынаста әлеуметтенуін қамтамасыз ету;

— нәресте және ерте жастағы балалары бар ата-аналарға көмек көрсетуге бағытталған мектепке дейінгі білім берудің жаңа нысандарын дамыту;

— мектеп жасына дейінгі балаларды күтіп-бағу және дамыту мәселелерінде ата-аналарға консультациялық көмек көрсету.

Күтілетін нәтижелер:

— баланың жасына сәйкес психикалық процестері дамиды;

— балабақша жағдайларына бейімделеді, бұл ерте жастағы балаларға дербес және өзіне сенімді болуға мүмкіндік береді;

— балаларды ерте әлеуметтендіру қамтамасыз етіледі;

— отбасында баланы тәрбиелеу мен дамыту мәселелері бойынша ата-аналардың педагогикалық құзыреттілігі артады;

Біздің бөбекжайымызда директорымыз Ж.Бектегенова басшылығымен 2023-2024оқу жылының концултативті пункт жоспары бекітілді. Сол жоспар бойынша осы оқу жылдың қыркүйек айында ата-аналардың өтініштері қабылданып орталықтың жұмысымен таныстырылып «Баланың балабақшаға бейімделуі» тақырыбынды дөңгелек үстел ұйымдастырылды. Ата-аналар балаларымен бірге келгендіктен балаларға психолог Таджикулова М. жеке үстел үсті ойын ұйымдастырып, балалардың дамуына бақылау жасалды.